
(айы,жылы) | Қаңтар, 2021 ж. Ақпан, 2014 ж. | ||||
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет) | Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты. «Александровский сад» ЖШС директоры. | ||||
Туған кезі (күні, айы, жылы) | 27.05.1979 ж. | ||||
Туған жері | Ордабасы ауданы | ||||
Ұлты | қазақ | Білімі | Жоғары | ||
Бітірген жылы | 2000 ж. 2004 ж. | Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Түркия Республикасы «Селчук» университеті . | |||
Білімі бойынша мамандығы | Құқықтану. «Әкімшілік басқару ісі» магистратура. | ||||
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі | Орыс тілі. Түрік тілі. Ағылшын тілі. | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | Құқық магистрі | ||
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма (қандай, алған жылы) | |||||
Партияға қатыстылы | «Nur Otan» партиясының мүшесі. | ||||
Келген / Кеткен айы және жылы | БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ | ||||
09.2000 | 09.2000 | Ордабасы ауданы әкімі аппаратының аумақты дамыту және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы. | |||
09.2000 | 06.2001 | Түркия мемлекетінің Анкара қаласында түрік-ағылшын тілін үйрету орталығында оқу | |||
09.2001 | 05.2004 | Түркия мемлекеті Кония қаласы «Сельчук» университеті, «Әкімшілік басқару ісі» мамандығы бойынша магистратурада оқу | |||
08.2004 | 09.2005 | Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы, Шымкент қаласы | |||
09.2005 | 10.2006 | Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ заң факультеті деканының орынбасары, Шымкент қаласы | |||
10.2006 | 09.2010 | Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының аға оқытушысы, Шымкент қаласы | |||
09.2010 | 08.2011 | Академиялық инновациялық университеті, «Азаматтық және қылмыстық құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, Шымкент қаласы | |||
08.2011 | 02.2014 | «Ордабасы құс» ЖШС, құрылтайшылар кеңесі төрағасының жауапты хатшысы | |||
02.2014 | б.к.д. | «Александровский Сад» ЖШС директоры |
17.06.2021 ж.
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
2021 жылғы 17 маусым күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бақтияр Тағаев «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалында тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға Ықылас Темір ауылының 3 тұрғыны келді. Олар ауылды табиғи газбен қамтамасыз ету, асфальт жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарынын жүргізу, лоток каналдарын жаңалау, сонымен қатар, жаңадан мед.пунк салу мәселелерін көтерді.
Депутат Бақтияр Тағаев ағымдағы жылы жоғары қысымды газ құбырының құрылысы аяқталған соң, табиғи газбен қамтамасыз ету жұмысы сондай-ақ, ауылға баратын жолдың құрылысы биылғы жылға жоспарланғанын тұрғындарға түсіндіріп, жаңа мед.пункт салу мәселесін өз бақылауына алатынын жеткізді.
16.07.2021 ж.
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
2021 жылғы 16 маусым күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бақтияр Тағаев «Nur Оtan» партиясы Ордабасы аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар Темiрлан елді мекеніндегі көшелерді жарықтандыру, ондағы спорт мектебін газдандыруға қаржы бөлу, Бадам ауылындағы көшелерді газбен қамтамасыз ету мәселелерін қозғады.
Өз кезегінде депутат Бақтияр Тағаев қазіргі таңда 25 елді мекенді газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатқандығын, алдағы уақытта Бадам елді мекенi бойынша газ мәселесі толыққанды шешімiн табатынын, сонымен қатар, көшелерді сапалы жарықтандыру партия бағдарламасында бар екенін жеткізді.