Сәлімов Алмас Алтайұлы

 (айы,жылы) Қаңтар, 2021 ж. 2020 ж.
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет) Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты. «A.S. Inves Stroi» ЖШС-гі бас кеңесшісі.
Туған кезі (күні, айы, жылы) 14.04.1970 ж.
Туған жері Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы
Ұлты қазақ Білімі Жоғары
Бітірген жылы 1994 ж. 2007 ж. Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университет М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Білімі бойынша мамандығы Заңгер Экономист
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі Орыс тілі (еркін) Түрік тілі  (еркін) Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы жоқ
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма (қандай, алған жылы) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016 ж.); «Астана 20 жыл» мерекелік медалі  (2018 ж.); «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалі (2018 ж.); «Үздік депутат» медалі (2019 ж.); «ҚР мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл» мерекелік медалі (2019 ж.); «Халық алғысы» медалі (2020 ж.); «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі (2020 ж.).
Партияға қатыстылы «NUR OTAN» партиясының мүшесі
 
Келген / Кеткен айы және жылы БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
1997 1998 «Далим» ЖШС, заңгер, Алматы қаласы
1998 2014 Оңтүстік Қазақстан облысы  Кеден істері басқармасы, қатардағы кеденші
2014 2019 «АлЖа Құрылыс» ЖШС директорының кеңесшісі
2019 2020 «АлЖа  Құрылыс» ЖШС құрылтайшысы
2020 б.к.д. «A.S. Inves Stroi» ЖШС бас кеңесшісі

27.01.2021

Бүгін, 27.01.2021 ж. «Nur Otan» партиясының Сарыағаш аудандық филиалында VII шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары бірінші қоғамдық қабылдау өткізді. Карантин режиміне байланысты қабылдау онлайн форматта өтті. Қоғамдық қабылдауда денсаулық сақтау, құрылысы жүргізіліп жатқан мектептердің қолданысқа берілу уақыты, өңірдегі спорт саласын дамыту туралы сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.  Аудан көлемінде спорт саласын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы таныстырылды. Жемісті ауылындағы жарық мәселесі көтерілді. Онлайн форматта өткізілген қабылдау соңы бірнеше тұрғынмен жүздесумен аяқталды.

03.02.2021

САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІМЕН БІРЛЕСЕ ЖЕМІСТІ, ДЕРБІСЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

Жеке қабылдауға жазылған ауыл тұрғындары алға тартқан мәселелердің бірі абаттандыру, моншалардың жұмыс кестесі, жол бойына аялдама салу жөніндегі мәселелер болды. Сондай-ақ аудан әкімі М.Отаршиев Жемісті, Дербісек ауылдық округтары тұрғындары алдында жылдық есеп берді.

24.02.2021 ж.

САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Салимов Алмас  «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке қабылдау өткізді. Өз өтініштерін білдіруге 12 азамат келді. Аудан тұрғындарының көтерген мәселелерінің басым көпшілігі елді мекендегі газ, ауыз су, жол, көше жарықтарын іске қосу жайлы болды. Үш азаматтың мәселесі оң шешіліп, қалған өтініштер алдағы уақытта шешімін табуына өз ықпалын тигізетіндігіні жеткізілді.

26.03.2021 ж.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ АЛМАС САЛИМОВ САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін «Nur Otan»  партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық  мәслихатының депутаты А.Салимовтың  кезекті жеке қабылдауы өтті. Қабылдауға алдын ала 6 азамат жазылды.  Ж.Мырзакулов Ердәуіт елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт салуға қолдау білдіруді сұрады.  Алмас Алтайұлы бұл мәселе бойынша бұған дейін тиісті мекеме басшысына  депутаттық сауал жолдағандығын және  өз бақылауында тұрғандығын  айтты.

Атамекен елді мекенінің тұрғындары атынан  Б.Нарманов ауыз су, табиғи газ мәселесімен қоса, республикалық маңызы бар жолдың бойында орналасқандықтан халықтың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жиегіне бетон қондырғыларын орнатуды, болмаса  арнайы қосымша жол салуға ықпал жасауды  сұрады.  Бұл мәселе жыл соңына дейін шешімін табатын болды. Ауыз су мен табиғи газ мәселесі  ауданымыздың  сайлауалды  бағдарламасында көзделгендігіне байланысты  оң шешімін табатындығын тілге тиек етті.

Кабланбек   ауылдық  округінің  тұрғыны  Ж.Қасымова   №13   «Мәңгілік ел»   жалпы  орта   мектебін күрделі жөндеуден өткізіп, табиғи газға қосылуына ықпал жасауын сұрады. «Мектептің  бұл  мәселесі  партиямыздың сайлауалды бағдарламасында көзделген, алдағы уақытта кезең кезеңімен оң шешімін табатын болады»- деді депутат А.Салимов. Ал табиғи газға қосылу мәселесі бойынша аудандағы мекеме басшыларымен ақылдаса отырып, оң шешімін табуына ықпал жасалатындығы түсіндірілді.

Қ.Псуров Жемісті елді мекеніндегі Жамбыл көшесіндегі электр  бағаналарының әбден тозығы жетіп тұрғындарға қауіп  төндіріп тұрғандығын жеткізді. «Оңтүстік жарық» мекемесінің инвест-жобасында 2024 жылға жоспарланған, дегенмен қауіпті 1-2 электр бағаналарын ауыстырылуына ықпал жасайтындығын айтты.

Жартытөбе ауылдық округінен келген Ө.Егембердиев елді мекендегі жолдарды асфальттау, ауыз су, жайылым жер, интернет мәселесін көтерді. Елді мекеннің ішкі жолдарын асфальттау, ауыз су мәселесі сайлауалды бағдарламада қаралған, алдағы кезде өз кезеңінде шешілетіндігін айтылды. Жайылым жер мәселесі алдағы уақытта зерделеніп мамыр айында өтетін партиялық бақылау комиссиясының отырысында қаралады. Интернет мәселесі бойынша  тиісті мамандармен хабарласып оң шешілуіне атсалысатындығын жеткізілді.

28.04.2021 ж.

2021 жылдың 28 сәуірінде «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сарыағаш ауданы әкімдігінің бірлескен көшпелі отырысы өтті. Отырысқа «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы М.Отаршиев, «Nur Otan» партиясы ТОФ төрағасының орынбасары П.Тұрсынбаев, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Н. Абишов, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы орынбасары А. Салимов, ТОФ жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы У. Рахиев, облыстық мәслихат депутаты, ТОФ партиялық бақылау жөніндегі инспекторы А. Еркінбеков және аудан прокуроры Н. Қосбаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Ә. Әбдіқадыров, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Шымкент МГБ директорының бірінші орынбасары А.Байқұлов, «Каз Транс Газ Аймақ» АҚ Түркістан өндіріс филиалы директорының орынбасары Е. Балабеков пен аудан көлеміндегі тиісті мекеме басшылары, ауыл тұрғындары, мердігерлер қатысты.

Күн тәртібінде Сарыағаш ауданындағы «Таскескен» АГТС-ы бойынша қазіргі таңда орын алып отырған мәселелер талқыланды. Аудан әкімінің орынбасары М.Сейтімбетов «Таскескен» АГТС – де бүгінгі күні қалыптасқан мәселелерге тоқталды. Хабарламашының айтуы бойынша Сарыағаш ауданының Тегісшіл, Жылға, Құркелес және  Дарбаза ауылдық округтеріндегі елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету үш кезеңге бөлініп атқарылған. АГТС-ті іске қосу үшін «Интергаз Орталық Азия» АҚ тарапынан 2019 жылы 16 талап қойылған. Бұл талаптар 2020 жылдың наурыз айында толық орындалған. Дегенменде «Интергаз Орталық Азия» АҚ  талабы бойынша сол кезде жобалық проектіде болмаған, бірақ қазіргі уақытта міндетті түрде орындалуы тиіс 6 мәселе бар екендігі айтылды. Жиын барысында осы 6 тапсырманы орындаушылар анықталды, облыстан, аудандық бюджеттен қажетті қаржы көздері нақтыланып, орындаушы мекемелерге нақты тапсырылды. Сең қозғалды. «Таскескен» АГТС-нің мәселесі қатаң Партия бақылауында болады.

30.04.2021

САРЫАҒАШТА ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙ ТҰР

“Nur Otan” партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты  А.Салимов 2021 жылдың 30 сәуірінде қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға өз өтініш-тілектерімен 6 тұрғын келді. Олардың үшеуі Жартытөбе ауылының тұрғындары болса, үшеуі  – Сарыағаш қаласы, Ақжар, Тегісшіл ауылдарының азаматтары.

Жартытөбелік тұрғындар су, жол, медицина мәселесімен келген. Ал, үш азамат – кезегі жылжымайтын тұрғын үй мәселесімен келген. Депутат барлық азаматтарға олардың өтініштері бойынша жеке-жеке жұмыс істейтінін айтты.

Қабылдау барысында Жартытөбе ауылының әкімімен байланысқа шығып аталған өтініштер бойынша талқылау болды. Нәтижесінде, ауыл әкімі жағдайды өз назарына алатынын жеткізді.

 

ҚОС ДЕПУТАТ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

28.05.2021 ж. «Nur Otan»  партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық маслихат депутаттары А.Салимов пен Ж.Әбдібаев жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев та қатысты. Қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар   мектеп, дәрігерлік емхана, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және  елді мекен ішіндегі жолдарды асфальттау мәселелерін көтерді.

Мәселен, Құркелес ауылдық округі, Келес елді мекенінің ауыл биі мен №47 мектеп директоры мектеп  салу үшін құжаттарын рәсімдеуге көмек сұрады.  А. Салимов облыстық жауапты мекеме басшысымен хабарласып мәселенің мән жайын анықтады. Нәтижесінде жинақталған құжаттар мен арнайы хат Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаевқа жеткізілетін  болды.

Ауыл биі Қ.Сманбеков ауылдағы тозығы жеткен бағаналарды ауыстыру, жолдарды орта жөндеуден өткізуі жайлы елдің өтінішін жеткізді. Қазіргі таңда бағаналарды ауыстыруға аудандық бюджеттен қаржы қаралып жақын күндерде мәселе оң шешімін табатын болды. Ал ауыл ішіндегі көшені асфальттауға құжаттары рәсімделіп, жауапты мекемеге ұсынылғандығы  түсіндірілді.

Сонымен қатар Көктерек ауылының  тұрғыны  А.Сапаров кенттегі электр бағаналарын ауыстыруға облыстық бюджеттен қаржы қаралуына ықпал жасауын сұрады. Кент әкіміне хабарласып қосымша толық мәлімет беруі сұралып тиісті мәліметтер алынды. Бүгінгі күні ауданның ТҮКШ бөлімі тарапынан құжаттар облыстық энергетика басқармасына ұсынылған. Жалпы жобалық-сметалық құны 446056 мың теңге. Құжаттарды қос ел қалаулылары өз бақылауларына алып, оң шешілуіне ат салысатын болды.

25.06.2021 ж.

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

 2021 жылғы 25 маусым күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алмас Сәлімов Сарыағаш ауданындағы 3 елді мекен тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар ауыз сумен қамту, ішкі көшелерді жөндеуден өткізу мәселелерін көтерді. Бостандық елді мекенінде жүріп жатқан ауыз су құрылысының барысы туралы мамандармен бірге отырып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде ауыл биі М.Хикметов мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға алғыс айтып, оң бағасын берді.

Достық елді мекеніндегі № 59 жалпы орта мектебінің құрылыс жұмыстарымен танысып, мердігер мекеме басшысына жұмыс сапасына қатаң мән беру керектігі бойынша ескерту жасады.

Депутат Алмас Сәлімов құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапалы орындалуын қатаң қадағалауға алып, тұрғындарды таза ауыз сумен қамту бойынша ауданның тиісті мекеме басшыларымен бірлесе отырып, адал қызмет ету керектігін жеткізді.

25.06.2021 ж.

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

 2021 жылғы 25 маусым күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алмас Сәлімов Сарыағаш ауданындағы 3 елді мекен тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар ауыз сумен қамту, ішкі көшелерді жөндеуден өткізу мәселелерін көтерді. Бостандық елді мекенінде жүріп жатқан ауыз су құрылысының барысы туралы мамандармен бірге отырып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде ауыл биі М.Хикметов мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға алғыс айтып, оң бағасын берді.

Достық елді мекеніндегі № 59 жалпы орта мектебінің құрылыс жұмыстарымен танысып, мердігер мекеме басшысына жұмыс сапасына қатаң мән беру керектігі бойынша ескерту жасады.

Депутат Алмас Сәлімов құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапалы орындалуын қатаң қадағалауға алып, тұрғындарды таза ауыз сумен қамту бойынша ауданның тиісті мекеме басшыларымен бірлесе отырып, адал қызмет ету керектігін жеткізді.

13.07.2021 ж.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

 2021 жылғы 13 маусым күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алмас Сәлімов ҚР Парламенті Мәжілесінің депутаты Қайнар Абасовпен бірге «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда тұрғындар ирригациялық жүйелердің тозып, осы жүйелердің сапасыз жөнделуін, экология, ауыз сумен қамтамасыз ету және азаматтық алу мәселелерін көтерді.

Экология мәселесі бойынша тұрғындар Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевке хат жолдағанын жеткізді. Министр аталған мәселені Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия отырысының күн тәртібіне енгізетінін хабардар еткен.