Сенаттағы кездесу

Нұр-Сұлтан қаласында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының хатшыларының кездесуіне облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев қатысты. Кездесу барысында еліміздің Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістіктері және жергілікті өкілді органдардың өңірлердің дамуындағы рөлі сөз болды.

Сенат Спикері ел Президенті биылғы Жолдауда өңірлердің дамуына қатысты бірқатар міндеттерді белгілеп бергенін айтып, оларға кеңінен тоқталып өтті.

Сондай-ақ Сенат Төрағасы мәслихаттармен өзара байланыстың маңыздылығын айта отырып,  осылайша жиі кездесіп, өңірлердегі мәселелерді шешуде, заңнамалық жұмыста, қабылданған заңдардың маңызын түсіндіруде мәслихат хатшыларын Сенатпен бірлесіп жұмыс істеуде белсенділік танытуға шақырды.