Сенаторлар «Тұран» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысты

2021 жылғы 3 тамыз күнгі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бектаев Әли Әбдікәрімұлы мен Құртаев Әлімжан Сейітжанұлының Сауран ауданындағы іссапарлары «Тұран» шаруа қожалығында жалғасын тапты. Сауран ауданының Қарашық ауылдық округінде орналасқан бұл шаруа қожалық мақтаның жаңа түрін өсірумен және құрылыс материалдарын дайындаумен шұғылданады. Аталған шаруа қожалықтың төрағасы Азимов Хабибулла сенаторларға мақта егістігі мен құмнан блок жасайтын цехтың жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар, ол Сенат депутаттарына су тапшылығы мен су ұңғымаларын қазу мәселелерінің өзекті болып отырғандығын жеткізді. Өз кезегінде Сенаторлар айтылған ұсыныстар мен пікірлерді алдағы уақытта жұмыс барысында ескеретіндіктерін айтты.