Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы

2021 жылғы 4 ақпанда онлайн режимде өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы мәселе қаралды.

Бұл комиссия өңірде 2021 жылғы қаңтар айында құрылған. Мақсаты —  саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерін жан-жақты зерделеу және шешу. Өңірлік комиссия Түркістан облысының әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Өңірлік комиссияның негізгі міндеті саяси қуғын-сүргін құрбандарын заңдық және саяси тұрғыдан ақтау болып табылады. Өңірлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру, қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарын ақтау бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;

2) саяси қуғын-сүргін құрбандарын заңдық және саяси тұрғыдан толық ақтау үшін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және облыс әкіміне енгізу;

3)Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының іс жүзінде ақталмаған санаттарының толық тізбесін, оның ішінде: қолданыстағы заңнамада қамтылмаған құрбандар санаттарын; заңнамада ақталған, бірақ іс жүзінде ақталмаған құрбандар тізбесін қалыптастыру;

қуғын-сүргін құрбандарының құқықтық жағынан ғана емес, саяси тұрғыдан да ақталуға жататын санаттарының тізбесін қалыптастыру;

4) мемлекеттік органдардың саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, ақталмаған адамдардың құқықтарын қалпына келтіру мәселелері жөніндегі арыздар мен шағымдарды қарау мәселелері бойынша қызметін үйлестіру;

5) саяси қуғын-сүргін құрбандарын, оның ішінде Қазақстанның азаттығы, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін күресте ерлік көрсеткендерді мәңгі есте қалдыру бойынша мемлекеттік бағдарламаның әзірленуі мен қабылдануын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу.

 Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамы облыстық мәслихат шешімімен төмендегінше болып бекітілді:

Қалқаманов  Сәкен Амангелдінұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары, өңірлік комиссия төрағасы;
Жүнісов Дамир Дәулетұлы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы, өңірлік комиссия төрағасының орынбасары;
Өтебаев Елнұр Рахымбердіұлы Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы, өңірлік комиссия төрағасының орынбасары;
Бейсеқұл Ақбота Советқызы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік идеологияны насихаттау және «Рухани жаңғыру» бөлімінің бас маманы, өңірлік комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Әшірбеков Бақытжан Айдарханұлы Түркістан облысы әкімі аппараты қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы;
Әшірбаев Бахытжан Шәкірұлы «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» республикалық қоғамдық бірлестігі үйлестіру кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);
Балажан Абай Бекназарұлы «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы;
Бейсенбаев Бақытжан Жармаханұлы «Білімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
Батырбаев Дидар Сәлімұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Еришева Толқын Амантайқызы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің аға оқытушысы (келісім бойынша);
Жолаев Рақымбек Қуатбекұлы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы;
Исатаева Айдын Кеңесбайқызы «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Қойлыбаев Әзімхан Серікұлы Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы;
Құрбан Жандос Керімұлы Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына  келтіру және пайдалану жөніндегі орталығының директоры;
Лазар Гүлмира Лазарқызы         — «Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы;
Лимаренко Марина Анатольевна «Южный Казахстан» газетінің бас редакторы, облыстық мәслихат депутаты;
Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы «Сырдария» университетінің филология және гуманитарлық білім факультетінің деканы (келісім бойынша);
Сотволдиев Алишер Ғофуржонуғли «Жанубий Козоғистан» газетінің бас редакторы;
Тоқсанбаев Аянбек Бекежанұлы Түркістан облыстық сотының судьясы (келісім бойынша);
Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы «NUR OTAN» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты (келісім бойынша);
Тұрсын Хазретәлі Маханұлы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті тарих кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша);
Юнусалиев Данияр Рахымжанұлы Түркістан облысы Кентау қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі (келісім бойынша).