Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының 2022 жылғы 21 сәуірдегі №2-Ш шешімі

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

мәслихатының кезекті  он бесінші сессиясын шақыру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару                            және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2022 жылғы                                 6 мамырда сағат 11:00-де Түркістан қаласында жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы шақырылсын.

 

 

Облыстық мәслихат хатшысы                                                                             Қ. Балабиев

 

 

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс

халқының назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясының 2022 жылғы 6 мамырда сағат 11:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталық (1-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар  мен  шақырылғандарды  тіркеу  6 мамырда сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Түркістан облысында уақытша жер пайдалану құқығымен болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізу туралы;
  4. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №5/48-VIІ «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
  5. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының  2016  жылғы                          16 наурыздағы №48/400-V «Оңтүстік Қазақстан облысына инвесторлар тарту және нвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы №36/303-V «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  7. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы №38/415-VI «Түркістан облысының әкімдігі жанындағы «Түркістан облысының бизнесі» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/353-VI «Түркістан облысы әкімдігі  жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының  дербес құрамын  бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  9. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/44-VII «Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  10. Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz  мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

 

Облыстық мәслихат хатшысы                                                                             Қ. Балабиев