
Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штабтың кезекті кездесуі
Мамыр 27, 20220
Түркістан Арена стадионында журналистер арасындағы спартакиаданың салтанатты ашылуына Облыстық референдумды қоғамдық қолдау штабының төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев қатысты.
Іс-шара барысында облыстық қоғамдық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев спартакиадаға қатысушыларға Ата Заңға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулардың бағыттары мен тұжырымдамалық негіздерін түсіндірді. Сондай-ақ, Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші Республика құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Бұл орайда, шараға қатысушылар еліміздегі орын алғалы отырған өзгерістерді қолдайтындықтарын және референдумға қатысатындықтарын жеткізді.
0 пікір
Пікір жазыңыз