Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб жас спортшылармен кездесті

Түркістан қаласында референдумды қолдау жөнінде іс-шара өтті.
Акцияға Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев және жас спортшылар қатысты.
Іс-шара барысында Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев 100-ге жуық спортшыларға Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулардың бағыттары мен тұжырымдамалық негіздерін түсіндірді. Сондай-ақ, жас спортшылардың сауалдарына жан-жақты жауап бере отырып, Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші Республика құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Бұл орайда, акцияға қатысушылар еліміздегі орын алғалы отырған өзгерістерді қолдайтындықтарын және референдумға қатысатындықтарын жеткізді.