Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штабтың Түркістан облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесуі

Түркістан қаласында референдумды қолдау жөнінде іс-шара өтті.
Іс-шараға Облыстық референдумды қоғамдық қолдау штабының төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, сонымен қатар, елімізге танымал әдебиетші, сыншы, публицист, филология ғылымының докторы Құлбек Ергөбек қатысты.
Іс-шара барысында облыстық қоғамдық штаб төрағасы Қ.Балабиев және әдебиетші Құлбек Ергөбек Ата Заңға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулардың бағыттары мен тұжырымдамалық негіздерін, маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші Республика құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Бұл орайда, кездесуге қатысушылар еліміздегі орын алғалы отырған өзгерістерді қолдайтындықтарын және референдумға қатысатындықтарын жеткізді.