Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штабтың Отырар ауданы тұрғындарымен кездесуі

Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында референдумды қолдау жөнінде іс-шара өтті.
Іс-шараға Облыстық референдумды қоғамдық қолдау штабының төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, Отырар аудандық мәслихатының хатшысы М.Манапов, Отырар ауданының тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында облыстық қоғамдық штаб төрағасы Қ.Балабиев Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулардың бағыттары мен тұжырымдамалық негіздерін, маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші Республика құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Бұл орайда, Отырар ауданының тұрғындары еліміздегі орын алғалы отырған өзгерістерді қолдайтындықтарын және референдумға қатысатындықтарын жеткізді.