«Оңтүстік Қазақстан облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

2022 жылғы 06 мамырда облыстық мәслихаттың кезекті 15-ші сессия өтті.

Сессияның күн тәртібінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы №48/400-V «Оңтүстік Қазақстан облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша кеңестің құрамына  Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жетпісбай Арман Шәріпбайұлы кеңес төрағасы болып енгізіліп, кеңестің құрамынан Р.А.Аюповты шығару туралы шешім қабылданды.