Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы №15/194-VI «Оңтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

2021 жылғы 10 желтоқсанда өткен облыстық мәслихаттың кезекті он үшінші сессиясында Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы №15/194-VI «Оңтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша облыстық мәслихаттың тиісті шешімі қабылданды. Ол шешім ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылып, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.   

Анықтама үшін: 2021 жылғы 30 қыркүйекте өткен Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірініші сессиясында «Түркістан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешім қабылданған.