
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VІ «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Мамыр 6, 20220
2022 жылғы 6 мамырда өткен сессияның күн тәртібінде «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VІ «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» мәселесі қаралды.
Аталған мәселе бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасап, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі бірнеше тармақтармен толықтырылғандығын атап өтті.
Атап айтқанда:
- «Қаланың саябақтарын, гүлзарларын, аллеялары мен көшелерін абаттандыру және күтіп-ұстау жолымен Түркістан қаласының тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ете отырып, қолайлы өмірлік орта құру (ауданы 131,6 га 22 нысан)».
- «Қаланың саябақтарын, гүлзарларын, аллеялары мен көшелерін абаттандыру және күтіп-ұстау жолымен Түркістан қаласының тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ете отырып, қолайлы өмірлік орта құру (ауданы 262,3 га 34 нысан)».
- «Түркістан қаласы, Алматы аллеясы, 3 ғимаратында орналасқан халық қолөнершілер ғимаратын пайдалану».
- «Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылындағы БМСК орталығын жаңғырту және басқару».
- «Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылындағы БМСК орталығын жаңғырту және басқару».
- «Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылындағы (Асықата) БМСК орталығын жаңғырту және басқару».
- «Түркістан облысы Шардара ауданы Алатау батыр ауылындағы БМСК орталығын жаңғырту және басқару».
- «Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылындағы БМСК орталығын жаңғырту және басқару».
- «Түркістан облысы, Келес ауданы, Бесқұбыр ауылындағы БМСК орталығын жаңғырту және басқару».
- «Кентау қаласын жылумен қамтамасыз етуді модернизациялау және пайдалану».
Шешім бірауыздан қабылданды.
0 пікір
Пікір жазыңыз