Оңалбаев Әбдіжапар Оңалбайұлы

Оңалбаев Әбдіжапар Оңалбайұлы

Оңалбаев Әбдіжапар Оңалбайұлы 1941 жылы 20 ақпанда қазіргі Төлеби ауданы Майбұлақ ауылы Жамбыл елді мекенінде дүниеге келген.

Әкесі соғыста қаза тауып, анасы 12 жасында дүние салған.

8 мектептің есігін ашып, сонында Ленгір қаласында  № 2 қазақ орта мектебін бітіріп, комсомол жолдамасымен Теміртау қаласына Қазақстан Магниткасына, одан соң Шымкент цемзаводына жұмыс жасады.

Бір жылдан соң Кеңес әскери қатарына шақырылып, үш жарым жыл әуе қорғанысы (ПВО) бөлімінде азаматтық борышын өтеді (Кариб дағдарысы 1962 жыл).

Армия қатарынан Оңтүстік Қазақстандағы Жданов атындағы совхозына жұмысқа кіріп, сол совхоз атынан Мәскеудегі «Ленин» және «Қызыл Ту» орденді К.А.Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық академиясына оқуға түсті.

4-курста отбасын құрып, 1969 жылы академияны бітірді.

Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы басқармасында 2 жыл аға зоотехник, одан кейін қазіргі Ордабасы ауданы Қ. Мұнайтпасов атындағы совхозда 5 жылдай  бас зоотехник қызметін атқарды.

1975 жылы Шардара ауданындағы Сүткент племзаводына (СоюзКаракульПром ол уақытта Москваға қарайтын) директор болып тағайындалды.

2,5 гектар суармалы жерді игеріп, 50 мың таза қаракөл қойды жем-шөппен  қамтамасыз еткені үшін 1981 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

1981 жылы ОҚО ауыл шаруашылық басқармасының бастығының бірінші орынбасары болып ауысады.

1985 жылы Қазақтын бір тумасы областық партия комитетінің бірінші қатшысы Асанбай Асқаровтың шешімімен «Ленин» орденді  Мақтарал совхоз-техникумына директор болып тағайындалды. 

500 трактор, 180 мақта теретін машиналарды тиімді пайдаланып, 26-27 мың тонна мақтаны толық машинамен теруді ұйымдастырды. 1989 жылы 7 мың гектар мақталықтың өнімділігін 36,3 центнерге жеткізіп, 100 пайыз машинамен теруді ұйымдастырды.

1992 жылы алғаш рет 500 гектар мақталықты тамшылатып суғару, оны компьютермен басқаруды ұйымдастырды.

Экологияға кері әсер тигізбеу, мақташылардың деңсаулығын сақтау  мақсатында дәрі және химикат шашатын 8 ұшақтан алғашқы күннен ақ бас тартып, бағыттағы барлық  жұмысты жердегі машинамен атқаруды ұйымдастырды.

20  орындық жұмысшылар профилакториясын ашып, ол жерде жүздеген мақташылар совхоз есебінен демалып емделді.

Ұзындығы 28 км. К-20 каналын бетондап, су беру мәселісін электронды жүйеге келтірілген.

Шаруашылық көлемінде 15 скважина қазып (427 метрден), тәтті су шығарып Мырзашөлде бірінші болып халыққа тәтті су ішуге қол жеткізді. Қазіргі уақытқа дейін тек сол шаруашылық деңгейінде тәтті су пайдаланады.

Ильич (Атакент) поселкісінде канализация және оны тазалау процессі іске қосылды.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында Батыс Еуропадан тайыншалар әкелініп, сауын сиырларды көбейтіп бір күнде совхоз бойынша 17 тонна сүт өткізуді қамтамасыз етті.

Жұмысшылар тұрғын үйлермен қамтылды. Совхозда 3 миллион кірпіш беретін зауыт салынды.

Россиядан (Иркутская область) орман шаруашылығынан ағаш алаңын алып үздіксіз ағаш келуін камтассыз етті.

Жылына 50-60 үй салу міндетті түрде орындалатын.

Совхоз тараған соң Республикалық мақта тұқым зертханасына  директор болып ауысып, кейін зейнеткерік жасқа келуіне байланысты зейнеткерлікке шықты.

Жұбайы Оңалбаева Зада Қапарқызы (Москвадағы  К. Тимирязев атындағы ауыл – шаруашылығы академиясының Экономика факультетінің түлегі және сол академияның педагогика факультетін бітірген). 5 қыз, 1 ұл тәрбиелеп, 15 немере сүйген. Ұл-қыздарының барлығына жоғары білім алуына мүмкіндік жасаған.

Зейнеткерлікке шықса да, қоғамдық жұмыспен айналысады.

Сиқым баба кесенесін салуда үлкен еңбек етті.

Облыстың депутаттығына екі рет,  Шымкент қаласының депутаттығына бір рет сайланды.

Төлеби, Мақтарал аудандарының Құрметті азаматы.

«Құрмет» орденімен және 7 медальдың иесі.

Түркістан облысының Құрметті азаматы (15.09.2021)