Отанымыздың жүрегі – Нұр-Сұлтан мәңгі жасай бер!

1997 жылдың бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жарлығымен Сайын Сарыарқа төсіне ел астанасын көшіру туралы шешім қабылдаған маңызды күн. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы қазақ елі Тәуелсіздігінің нышаны іспеттес, өйткені егемендігін енді ғана қолға алған жас мемлекет өз елордасын Алматыдан Астанаға көшіру арқылы өзінің тарихи жаңа жылнамасын, сапалы жаңа дәуірін бастады.
Ел ордасы Нұр-Сұлтан – Отанымыздың жүрегі, еліміздің алтын бесігі, халықтың өз күшіне сенімі мен халықтар достығының символы. Ол – әртүрлі тағдыр тауқыметімен елімізге табан тіреген өзге ұлт өкілдері мен қазақ халқының ортақ шаңырағы.
Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – ару қаланың жұлдызы әрқашан жарық болсын!

Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы
Қ.Балабиев