Облыс әкімдігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі

2022 жылғы 14 наурызда өткен сессияның күн тәртібінде «Облыс әкімдігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі» бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасап, түсіндіріп өтті. Жалпы облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 2021 жылы 13,3 млрд.теңгеге мемлекеттік міндеттеме алынып, 3 жоба бойынша жекеше әріптестермен келісім шарттар түзілді.

Атап айтсақ:

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша 6 458,3 млн. теңгеге мүмкіндігі шектеулі балаларға, қарттар мен 1,2 топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарындағы асханаларды жаңғырту және пайдалану жобасы іске асырылуда.

Спорт саласы бойынша 925,1 млн. теңгеге Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылындағы Ұлықбек №11а көшесі бойында орналасқан спорт кешенінің құрылысы жобасы іске асырылуда.

Цифрландыру саласы бойынша 5 906,8 млн. теңгеге Түркістан облысының жол трафигінің қауіпсіздігі мен талдауын қамтамасыз ету бойынша қызметтер жобалары іске асырылуда.

Мемлекеттік міндеттемелерді ұлғайтуды талап етпейтін, бюджет жүктемесіне ауыртпалық түсірмейтін, тарифтер, ақылы қызмет, басқада нарықтық құралдар арқылы инвестициялардың қайтымдылығын қамтамасыз ететін жобаларға басымдық берілетін болады.

Сонымен қатар, 2021 жылы облыстық мәслихаттың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты шешімдеріне 8 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.