Облыс әкімдігінің және тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері туралы

2022 жылғы 23 маусымда өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясының күн тәртібінде «Облыс әкімдігінің және тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері туралы» мәселесі қаралды.

Аталған мәселе бойынша облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы А.Тасыбаев баяндама жасап, ол өз баяндамасында 2021 жылы облыстық бюджеттің кірістері 1030899508,5 мың теңгені құрап, 100,1%-ға орындалғанын, оның ішінде салықтық түсімдер 36606821,4 мың теңгені құрағанын айтты.

Сондай-ақ, жалпы облыс көлемінде 2020 жылмен салыстырғанда           2021 жылы табыс салығы мен әлеуметтік салықтың артқанын атап өтті.

Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша облыстық тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы А.Сихымбай баяндама жасады.

Ол өз баяндамасында тексеру комиссиясымен негізгі                             әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне жасалған талдау қорытындысымен таныстырды. Сондай-ақ, облыстық бюджетке түскен түсімдер 2021 жылы 1 153 458 945,7 мың теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда  309 233 463,6 мың теңгеге артқанын атады.