Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Аталған жиынға облыс әкімінің орынбасары С. Қалқаманов және басқарма басшылары мен орынбасарлары қатысты. Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Олар:

  1. «Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы;
  2. «Түркістан облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
  3. «Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы №24 «Түркістан облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
  4. «Түркістан облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
  5. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №17 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулыға өгерістер мен  толықтыру енгізу туралы Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
  6. «Туркістан облысы экімдігінің 2021 жылгы 11 ақпандағы №35 «2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Туркiстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы.

Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап,  тиісті шешім қабылдады.