Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев қоғамдық қабылдау өткізді

 «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» үлгісіндегі қоғамдық қабылдау бөлмесінде онлайн және оффлайн форматта облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиевпен облыстық  «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Б.Тәжібаев қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген және онлайн өтініш білдірген облыс тұрғындары шалғайдағы ауылдарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, мектеп, емханаларды күрделі жөндеуден өткізу, ауылдық округтерде интернет желісінің жылдамдығын күшейту, атаулы әлеуметтік көмек, жалақы сынды әлеуметтік мәселелерді көтерді. Бұл мәселелер бойынша облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламар мен алдағы жүзеге асырылатын шаралар жөнінде   түсіндірді. 

Жалпы, қоғамдық қабылдау барысында барлық өтініштерге ҚР заңдарына сәйкес тиісті жауаптар беріліп, бірқатар мәселелер бақылауға алынды.

Сонымен қатар, тұрғындарға ешбір өтініш ескерусіз қалмайтындығы жеткізілді.