Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясының күн тәртібіне байланысты, 2022 жылғы 4 мамырда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының  мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы А.Сәлімов жүргізді.

Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

  1. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. «Оңтүстік Қазақстан   облыстық      мәслихатының    2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы»;
  4. «Оңтүстік Қазақстан   облыстық   мәслихатының  2017 жылғы                  24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  5. Түркістан облысында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларға атау беру және қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы;
  6. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы;
  7. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 сәуірдегі №37/379-VI «Түркістан облысын басқару схемасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  8. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №5/48-VIІ «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
  9. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/353-VI «Түркістан облысы әкімдігі  жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының  дербес құрамын  бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  10. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы №2/16-VII «Түркістан облысының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  11. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 сәуірдегі №37/390-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  12. Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 наурыздағы №14/151-VII «Түркістан облысы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізудің 2022 жылға арналған күнтізбелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  13. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/144-VII «Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  14. Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.