Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

2022 жылғы 22 маусымда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының  мәжілісі өтті. Комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев және тиісті басқарма басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы А.Сәлімов жүргізді.

Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

1.Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері;

  1. «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы».

Күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.