Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

2021 жылғы 18 маусым күні Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Бірлескен комиссия отырысын бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы  Р.Шерімов жүргізіп отырды. Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, облыстық басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қойылып, қаралды.

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы №38/415-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы «Түркістан облысының бизнесі» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Бірлескен комиссия отырысы барысында күн тәртібіндегі мәселелерге жауапты мекеме басшылары баяндама жасап, түсіндірме жасап өтті.

Депутаттар тарыпынан облыстық бюджеттің игерілу туралы сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға тиісті басқарма басшылары жауап берді.

Күн тәртібіндегі мәселелерге бірлескен комиссия мүшелері келісім беріп, кезекті 7-ші сессия қарауына ұсынылды.