Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

 2021 жылғы 9 қарашада Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Комиссиялардың бірлескен отырысын бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы  Р.Шерімов жүргізіп отырды. Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыстық мәслихат депутаттары және облыстық басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізіліп, қаралды.

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Тұрақты комиссиялар мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін айтып, аталған мәселелерді сессияның қарауына енгізуді ұсынды.