Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

2021 жылғы 5 қарашада Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Комиссиялардың бірлескен отырысын бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы  Р.Шеримов жүргізіп отырды. Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізіліп, қаралды.

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Түркістан облысы мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/453-VІ  «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен (ақпараттық саясат) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы №2/16-VII «Түркістан облысының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы №2/15-VII «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/454-VІ «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» бойынша облыстық экономика және стратегиялық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Түркістан қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына 20,0 млрд. теңге бөлініп, облыстық бюджеттің көлемі 1 106,7 млрд. теңгені құрап отырғанын атап өтті.

Тұрақты комиссиялар мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін айтып, аталған мәселелерді сессияның қарауына енгізуді ұсынды.