Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

2021 жылғы 9 қыркүйекте Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Комиссиялардың бірлескен отырысын бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы  Р.Шеримов жүргізіп отырды. Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, облыстық басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібіне төмендегі мәселелер қойылып, қаралды.

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VІ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы №7/73-VIІ «Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы  №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» шешімінің күшін жою туралы;
  4. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;

5.Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы №7/71-VII «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы №3/37-VІ «Түркістан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Комиссиялардың бірлескен отырысында күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Түркістан облыстық  мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» облыстық экономика және стратегиялық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады. Ол өз баяндамасында 2021 жылғы облыстық бюджет көлемінің 5,1 млрд. теңгеге ұлғайып, 1 086,0 млрд. теңгені құрап отырғанын атап өтті.

 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Е.Утебаев баяндама жасап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол трафигі  деректерін талдау жүйесін құру және пайдаланудың маңыздылығын атап, «Түркістан  қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол трафигі  деректерін талдау жүйесін құру және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша 2022-2027 жылдарға 5 906 846 704 (бес миллиард тоғыз жүз алты миллион сегіз жүз қырық алты мың жеті жүз төрт) теңге мөлшерінде мемлекеттік міндеттеме қабылдау қажеттігін айтып қолдау көрсетуді сұрады.

 

Үшінші мәселе «Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы №7/73-VIІ «Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» шешімінің күшін жою туралы» облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары М.Мырзабаев баяндама жасап, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты, ілгерідегі қабылданған шешімнің күшін жою қажет екендігін түсіндіріп өтті.

Төртінші мәселе «Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары М.Мырзабаев баяндама жасап, Түркістан қаласының әуежайына қатынайтын №20 жолаушылар тасымалдау бағытын іске қосу қажеттігін атап өтті.

 

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе «Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы №7/71-VII «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының төрағасы облыстық жер комиссиясының құрамына облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндеттерін атқарушы Тілеген Ерғали Амангелдіұлын осы комиссияның мүше етіп енгізу туралы ұсыныс түскенін хабарлады.

 

Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы №3/37-VІ «Түркістан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» комиссиялардың бірлескен отырысының төрағасы Р.Шеримов аталған өзгерістердің «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №704 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес енгізіліп жатқанын айтты.

         Күн тәртібіндегі мәселелерге тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында келісім беріліп, ұсынылды.