Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі

Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сегізінші сессиясының күн тәртібіне байланысты, 19 тамыз 2021 жылы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі өтті.

Бірлескен тұрақты комиссияның жұмысын мемлекеттік-құқықтық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ө.Мелдеханов жүргізді.

 

         Мәжілістің күн тәртібінде үш мәселелер қаралды:

  1. Түркістан облысы Арыс қаласының және Ордабасы ауданының шекараларын өзгерту туралы;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының кейбір депутаттарының депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/5-VII «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.