Облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі

2021 жылғы 16 наурызда облыстық  мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару  жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның мәжілісіне облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов және облыстық басқарма басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның жұмысын оның төрағасы Ө.Мелдеханов жүргізді.       

Комиссия отырысында  мына мәселелер  талқыланды:

1. Түркістан облысы полиция департаментінің Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша  атқарған жұмыстары туралы;

2. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;

5. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/449-VI «Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

6. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

7. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

8. Түркістан облысы Келес ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы;

9. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті үшінші сессиясының жұмысшы органдарының құрамы бойынша ұсыныстар.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мәселелерді сессия қарауына енгізуді ұсынды