Облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі

2022 жылғы 23 маусымда облыстық  мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару  жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның мәжілісіне облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Б.Өтемалиева, облыс әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Ә.Бектұрғанов қатысты.

Тұрақты комиссияның жұмысын комиссия төрағасының орынбасары К.Әуен жүргізді.

Комиссия отырысында  мына мәселелер  талқыланды:

  1. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ө.П.Мелдехановтың депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясының жұмысшы органдарының құрамы бойынша ұсыныстар.

         Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мәселелерді сессия қарауына енгізуді ұсынды.