Облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі

2022 жылғы 10 наурызда облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.
Тұрақты комиссияның мәжілісіне облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыс әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаев, Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Р.Жексембаева және облыстық басқарма басшылары қатысты.
Тұрақты комиссияның жұмысын оның төрағасы Ө.Мелдеханов жүргізді.
Комиссия отырысында мына мәселелер талқыланды:
1. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Түркістан облысы бойынша барлық денгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізудің 2022 жылға арналған кестесі туралы;
3. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/447-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
7. Түркістан облысы Кентау қаласының және Сауран ауданының шекарасын өзгерту туралы;
8. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекарасын өзгерту туралы;
9. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/448-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
10. Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы;
11. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы №3/37-VІ «Түркістан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
12. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясының жұмысшы органдарының құрамы бойынша ұсыныстар.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мәселелерді сессия қарауына енгізуді ұсынды.