Облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі

 

2021 жылғы 7 желтоқсанда облыстық  мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару  жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның мәжілісіне облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Сапарбеков, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ә.Әлішев және облыстық басқарма басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның жұмысын оның төрағасы Ө.Мелдеханов жүргізді.       

          Комиссия отырысында  мына мәселелер  талқыланды:

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы;
  3. Түркістан облыстықмәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №55/576-VІ«Түркістан облысының 2021-2025жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
  5. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  7. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  9. Түркістан облыстық мәслихатының кейбір депутаттарының депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
  10. Түркістан облыстық мәслихаты   тұрақты   комиссияларының  2021 жылғы қызметі жөніндегі есептері туралы;
  11. Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
  12. Түркістан облыстық мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етудің 2022 жылға арналған шығыстар сметасы туралы;
  13. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясының жұмысшы органдарының құрамы бойынша ұсыныстар.

        Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мәселелерді сессия қарауына енгізуді ұсынды.