Облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі

2021 жылғы 7 қазанда облыстық  мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару  жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның мәжілісіне облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Жиенбеков және облыстық басқарма басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның жұмысын оның төрағасы Ө.Мелдеханов жүргізді.       

          Комиссия отырысында  мына мәселелер  талқыланды:

  1. Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі;
  2. Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы есебі;
  3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  4. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  5. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/358-VІ «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  6. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  7. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/449-VI «Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  9. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы №762-VIІ «Түркістан облысы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» шешімінің күшін жою туралы;
  10. Түркістан облысы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы;
  11. Түркістан облысы Түркістан қаласының және Сауран ауданының шекарасын (шегін) өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге енгізу туралы;
  12. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы;
  13. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясының жұмысшы органдарының құрамы бойынша ұсыныстар.

 

        Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мәселелерді сессия қарауына енгізуді ұсынды.