Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

2021 жылғы 8 қазанда облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Тұрақты комиссияның мәжілісіне облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, облыстық басқарма басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның жұмысын оның төрағасы А. Орман жүргізді.       

Комиссия отырысында  мына мәселелер  талқыланды:

– Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі;

– Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы есебі;

– Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

– Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы  24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы»  шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

– Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы №48/400-V «Оңтүстік Қазақстан облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мәселелерді сессия қарауына енгізуді ұсынды.