Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылысты және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі

 2021 жылғы 8 желтоқсанда облыстық  мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылысты және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның мәжілісіне облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыстық басқарма басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның жұмысын оның төрағасы А.Орман жүргізді.       

Комиссия отырысында  мына мәселелер  талқыланды:

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №55/576-VІ«Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;
  5. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  7. Түркістан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз

көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы;

  1. Түркістан облысының көлік инфрақұрылымдық даму жоспарын бекіту туралы;
  2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы №36/303-V «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Түркістан облыстық    мәслихаты   тұрақты   комиссияларының  2021 жылғы қызметі жөніндегі есептері туралы;
  4. Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
  5. Түркістан облыстық мәслихатының кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мәселелерді сессия қарауына енгізуді ұсынды.