Облыстық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың үшінші сессиясының күн тәртібіне байланысты, 17 наурыз  2021 жылы облыстық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Тұрақты комиссияның жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ә.Сәбитов, Түркістан облысының полиция департаментінің бастығы Қ.Дәлбеков, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ғ.Рысбеков және облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы Р.Шерімов жүргізді.

Отырыстың  күн тәртібіне 5 мәселе шығарылып қаралды, олар:

  1. Түркістан облысы полиция департаментінің Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы;
  2. Облыс әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  5. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссияның мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мәселелерді сессия қарауына енгізуді ұсынды.