Облыстық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі комиссия отырысы

2022 жылдың 3 мамырында облыстық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, комиссия мүшелері, облыстық басқарма басшылары қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібіне 4 мәселе енгізіліп, қаралды. Олар:

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VІ «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
  3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/144-VІІ «Түркістан облыстық мәслихатының                    2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін айтып, аталған мәселелерді сессияның қарауына енгізуді ұсынды.