Облыстық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

2022 жылғы 10 наурызда Түркістан облыстық мәслихаты бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысын бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы  Р.Шерімов жүргізіп отырды. Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, облыстық мәслихат депутаттары және облыстық басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізіліп, қаралды.

  1. Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының 2021 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі есебі туралы;
  2. Облыс әкімдігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы;
  5. Түркістан облыстық   Қоғамдық  кеңесінің   құрамын  бекіту туралы;
  6. Түркістан облысы бойынша барлық денгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізудің 2022 жылға арналған кестесі туралы;
  7. Оңтүстік Қазақстан   облыстық   мәслихатының   2016   жылғы   29 маусымдағы №3/37-VІ «Түркістан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

8 .  Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының облыстық  мәслихат  қызметін ұйымдастыру,  депутаттардың  сауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстар және облыстық мәслихат аппаратының қызметі жөніндегі есебі.

Күн тәрібіндегі мәселелер бойынша жауапты басқарма басшылары баяндама жасап, түсіндірме жасады. Сонымен қатар, тұрақты комиссия мүшелері өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, сессия қарауына енгізуге ұсынды.