Облыстық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

2021 жылғы 8 желтоқсанда Түркістан облыстық мәслихаты бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысын бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы  Р.Шерімов жүргізіп отырды. Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыстық мәслихат депутаттары және облыстық басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібіне төмендегі мәселелер қаралды.

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №55/576-VІ «Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VІ «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
  5. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VІ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  7. Түркістан облыстық    мәслихаты   тұрақты   комиссияларының  2021 жылғы қызметі жөніндегі есептері туралы;
  8. Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.

          Күн тәрібіндегі мәселелер бойынша жауапты басқарма басшылары баяндама жасап, түсіндірме жасады. Сонымен қатар, тұрақты комиссия мүшелері өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, сессия қарауына енгізуге ұсынды.