Облыстық мәслихаттың аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті

2021 жылы 15 наурыз күні жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясының күн тәртібіне сәйкес, облыстық мәслихаттың аграрлық  сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы Н.Әбішов жүргізді.

Мәжілістің күн тәртібінде жеті мәселе қаралды:

1.Түркістан облысы полиция департаментінің Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша  атқарған жұмыстары туралы;

 2. Облыс әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі;

3. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

5. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;

6. Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қағидаларын бекіту туралы;

7. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы№38/410-VI «Түркістан облысында ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Комиссия отырысында тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді бірауыздан қолдап, нәтижесінде тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.