Облыстық мәслихаттың аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті

Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясының күн тәртібіне байланысты, 4 мамырда 2022 жылы облыстық мәслихаттың аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.
Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы Н.Әбішов жүргізді.
Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы»;
3. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
4. Түркістан облысында уақытша жер пайдалану құқығымен болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізу туралы;
5. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы;
6. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 сәуірдегі №37/379-VI «Түркістан облысының басқару схемасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
7. Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 наурыздағы №14/151-VII «Түркістан облысы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізудің 2022 жылға арналған күнтізбелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
8. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/144-VII «Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.