Облыстық мәслихаттың аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті

Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың он төртінші сессиясының күн тәртібіне байланысты, 11 наурыз 2022 жылы облыстық мәслихаттың аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.
Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы Н.Әбішов жүргізді.
Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1. Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының 2021 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі есебі туралы;
2. Облыс әкімдігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі;
3. Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының облыстық мәслихат қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстар және облыстық мәслихат аппаратының қызметі жөніндегі есебі;
4. Түркістан облысы бойынша барлық денгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізудің 2022 жылға арналған кестесі туралы;
5. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы;
7. Түркістан облысы Кентау қаласының және Сауран ауданының шекарасын өзгерту туралы;
8. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекарасын өзгерту туралы;
9. Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы;
10. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/441-VI «Облыстық ономастикалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
11. Түркістан облысында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларға атау беру және қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы;
12. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/481-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
13. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/351-VI «Түркістан облысының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
14. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/352-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
15. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізуді.
16. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу;
17. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
18.Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/447-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
19. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/448-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
20. Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы;
21. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы №3/37-VІ «Түркістан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.