Облыстық мәслихаттың аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті

Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың он үшінші сессиясының күн тәртібіне байланысты, 7 желтоқсан 2021 жылы облыстық мәслихаттың аграрлық  сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы Н.Әбішов жүргізді.

Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  2. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы;

  3. Түркістан облыстықмәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №55/576-VІ«Түркістан облысының 2021-2025жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  4. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;

  5. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  6. Түркістан облысының көлік инфрақұрылымдық даму жоспарын бекіту туралы;

  7. Түркістан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы;

  8. Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;

  9. Өңірдегі этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға бағытталған шаралардың атқарылуы жөніндегі Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының есебі;

  10. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  11. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  12. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  13. Түркістан облыстық мәслихатының кейбір депутаттарының депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;

  14. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 15 наурыздағы   № 90  және   Оңтүстік  Қазақстан   облыстық   мәслихатының   2012   жылғы   24 ақпандағы № 2/16-V «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  15. Түркістан облысында уақытша жер пайдалану құқығымен болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл аруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізу туралы;

  16. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-ІІ «Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  17. 17. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы №7/71-VII «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

  18. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы №36/303-V «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  19. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы №15/194-VI «Оңтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;

  20. Түркістан  облыстық    мәслихаты   тұрақты   комиссияларының  2021 жылғы қызметі жөніндегі есептері туралы;

  21. Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;

  22. Түркістан облыстық мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етудің 2022 жылға арналған шығыстар сметасы туралы;

  23. Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы;

  24. Облыстық жер қатынастары басқармасының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген  түгендеу жұмыстарының барысы туралы.

Күн тәртібіндегі 24 мәселе қаралып, 23 мәселелені тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.