Облыстық мәслихаттың аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті

Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың он бірінші сессиясының күн тәртібіне байланысты, 11 қазан 2021 жылы облыстық мәслихаттың аграрлық  сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы Н.Әбішов жүргізді.

Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

  1. Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі;
  2. Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы есебі;
  3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  4. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы»  шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.