Облыстық мәслихаттың аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті

2021 жылғы 16  маусым күні облыстық мәслихаттың аграрлық  сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы Н.Әбішов жүргізді.

Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

  1. Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының 2020 жылғы атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі туралы;
  2. Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру   комиссиясының  2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері;
  3. «Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы»;
  5. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы»;
  6. Түркістан облысының қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы;
  7. Облыстық жер комиссиясының құрамы туралы;
  8. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.