ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс халқының назарына

Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы  9 қыркүйекке белгіленген кезектен тыс тоғызыншы сессиясының сағат 11.00-ден 10:00-ге ауыстырылғанын жеткіземін.

Сессия мына мекен-жайда орналасқан облыс әкімдігінің ғимаратында өтеді: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат, (1-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 9 қыркүйекте сағат 09.00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz  мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев