Облыстық жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы

  Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы онлайн режимдегі кезектен тыс екінші сессиясында кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы  №49/515-VI «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

Қарау нәтижесі бойынша аталған комиссияның дербес құрамына:

Жилкишиев Марат Байдилдаевич

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша);

Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Қожатайұлы Мади

«Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитеті «Түркістан облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

болып енгізілді.

Сонымен қатар, көрсетілген комиссияның құрамынан Қ.А.Ақылбеков, Ү.Ә.Жүсіпбаев, А.С.Сүюбаев шығарылды.