Нұржанов Омарбек

Нұржанов Омарбек

Еңбек жолын 1970 жылы Мақталы кәсіптік-техникалық училищесінің мұғалімі болып бастаған. 1972-1973 жылдары директордың орынбасары болған. 1973-2002 жылдары Киров ауданының партия комитетінің нұсқаушысы, «Октябрьдің 30 жылдығы» совхозының партия комитетінің хатшысы, Чимкент облыстық партия комитеті ауылшаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, Киров аудандық партиялық комитетінің екінші хатшысы, Мақтарал аудандық партиялық комитетінің бірінші хатшысы, Чимкент облыстық партиялық комитетінің хатшысы, Қызылқұм ауданының «Темір» совхозының директоры, Киров ауданының «Победа» совхозының директоры, Киров ауданының әкімі, Мақтарал ауданының әкімі, Мақтарал ауданының су жүйелері басқармасының бастығы, Сарыағаш ауданының әкімі, Мақтарал ауданының әкімі лауазымдарын атқарған. ҚР Өзбекстан Республикасындағы елшілігінің хатшысы, Мақтарал аудандық мәслихатының депутаты, хатшысы қызметінде болған. Отырар, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарының Құрметті азаматы.