Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы

 (айы,жылы) Қаңтар, 2021 ж. Мамыр, 1996 ж.
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет) Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты. «Қуаныш» ЖШС директоры.
Туған кезі (күні, айы, жылы) 15.10.1974 ж.
Туған жері Түркістан қаласы
Ұлты қазақ Білімі жоғары
Бітірген жылы 1996 ж. Қазақ  гуманитарлық университеті
Білімі бойынша мамандығы экономист
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі Орыс тілі Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы  
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма (қандай, алған жылы) «Шапағат» медалі (2020 ж.)
Партияға қатыстылы «Nur Otan» партиясының мүшесі
 
Келген / Кеткен айы және жылы БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
05.1996 ж. б.к.д.  «Қуаныш» ЖШС директоры.

01.01.2021ж.

Канвассинг кездесу

Облыстық мәслихат депутаты И.Намазбаева канвассинг әдісі бойынша Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Академиялық инновация және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі вице-президенті Шолпан Есимовамен жүздесті.

Келелі кездесуде экологиялық жағдайдың жақсаруы мен атқарылатын жұмыстардың жай-күйі сөз болды. Елімізде қазір экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері аса өзекті болып отыр.

Кездесу барысында И.Намазбаева елімізде осы мәселе бойынша  іске асырылып жатқан шаралармен бөлісті.

01.04.2021ж.

Канвассинг кездесу

Облыстық мәслихат депутаты И.Намазбаева канвассинг әдісі бойынша қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі саналатын Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі Вице-Президенті Абуов Әмреқұл Ергешұлымен кездесті.

Келелі кездесуде іскер басшы, тәжірибелі маман өзінің өнегелі өмір жолынан мысал келтіре отырып, бүгінгі елімізде жүзеге асырылып жатқан саясаттың оң бастамаларын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, бастауыш партия ұйымының төрағасы ретінде Әмреқұл Ергешбайұлы партия бағдарламасына қатысты ұсыныстарын айтып, алда талай ауқымды істерді жүзеге асыратын жоспары бар екендігін де жасырмады. Өз кезегінде, депутат И.Намазбаева Әмреқұл Ергешбайұлына шын жүректен алғысын білдірді.

04.05.2021 ж.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

2021 жылғы 4  мамыр күні депутат И.Намазбаева «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалында кезекті қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 2 қала тұрғыны келді. Оның алғашқысы Бектұрсын Гүлзипа. 25 жастағы жас ананың 2 баласы бар. Жолдасы бүгінде медицина мамандығының студенті, ІІІ топ мүгедегі. Бектұрсын Гүлзипа 2021 жылдың бірінші тоқсанында мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмекті алыпты. Одан кейін ІІ тоқсанға алуға өтініш білдірсе, жолдасының атында жылжымайтын мүлік болғандықтан берілмейтіндігін жеткізіпті. Осы мәселені алға тартып келген қала тұрғыны өтініші жауапты мамандарға жетсе дейді.

Қабылдауға келген келесі азаматша Мөлдір Халилаева. Мұңайтпасов көшесі 87 үйдің тұрғыны. Ол Мұңайтпасов пен Кеңесары көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатса деген өтінішін білдірді. Себебі, осы қиылыста көліктің соқтығысуы жиі орын алып, мектеп оқушыларының ары-бері жүруіне қауіпті дейді. Бұл бойынша биліктегілерге жеткізгенімен, әлі шешімі табылмағанынын тілге тиек етті.

Өз кезегінде, қабылдауға келген қос ананың да өтініш тілектеріне қатысты жауапты сала мамандарына депутаттық сауал жолдап, алдағы уақытта шешімін табуға атсалысатындығын жеткізді.

24.06.2021 ж.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

2021 жылғы 24 маусымда Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Инара Намазбаева «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалында кезекті қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, көпбалалы аналарға берілетін атаулы әлеуметтік көмек және баспанаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау.

Өз кезегінде депутат Инара Намазбаева аталған мәселелерді өз бақылауына алып, тиісті жұмыстар атқаратынын жеткізді.

30.06.2021 ж.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

2021 жылғы 30 маусым күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Инара Намазбаева «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындардың бірі тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етуін сұраса, енді бірі қоғамдық жұмыс орнының (көлік жуу қызметі) жұмыс режиміне шағым білдірді.

Өз кезегінде депутат Инара Намазбаева екі мәселіні де мұқият тыңдап, алдағы уақытта шешімін табуға атсалысатын жеткізді.

30.07.2021 ж.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

2021 жылғы 30 шілде күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Инара Намазбаева «Қуаныш» сауда орталығында кезекті қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 6 қала тұрғыны келіп, өтініштерін жеткізді.

Өз кезегінде, депутат Инара Намазбаева қабылдауға келген тұрғындардың мәселелерін жеке бақылауына алып, шешілуіне атсалысатындығын жеткізді.