Мәслихаттың өкілеттіктерін арттыру тақырыбында кездесу

Бүгін Түркістан облыстық мәслихатында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Мұқашевтің төрағалығымен және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғ.Ташқараевтың, Түркістан облыстық мәслихатының  хатшысы Қ.Балабиевтің, Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамовтың, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетовтің, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты К.Қадырбековтің қатысуымен мәжіліс өтті. Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер және мәслихаттардың өкілеттіктерін арттыру мәселесі қаралды.

Мәжілісті ашқан Т.Мұқашев аталған Заңға енгізілген өзгерістерге тоқталып өтіп, олардың 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілгендігін айтты.

Мәжіліске қатысушылар жергілікті билік өкілеттіктерінің аражігі тұсында енгізілген өзгерістерді талқылап, облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының өкілеттіктерін күшейту бойынша өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.