Миркадиров Мирильяз

Миркадиров Мирильяз

Еңбек жолын Түлкібас ауданы ауылшаруашылық басқармасында аға инженер-инспектор қызметінен бастап, 1976-1983 жылдар аралығында осы басқарманың бас инспекторы, ал 1983 жылдан 1993 жылға дейін бастығы ретінде қызмет атқарды. 1993-1997 жылдар аралығында Түркістан қаласы әкімшілігінің басшысы, Түркістан ауданының әкімі қызметінде болды. 1998-2009 жылдары  Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Миркадыров Мирильяз Миркадырұлы – тәжірибесі мол, ұйымдастыру қабілеті жоғары, талап қоя білетін басшы. Ауылшаруашылығы саласының білікті маманы. Сонымен қатар ауданда тұрып жатқан ұлттардың бірлігі мен татулығының сақталуына, нығаюуына орасан зор үлес қосуда.