Мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі

2022 жылғы 4 мамырда облыстық  мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару  жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның мәжілісіне облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, облыстық басқарма басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның жұмысын оның төрағасы Ө.Мелдеханов жүргізді.

Комиссия отырысында  мына мәселелер  талқыланды:

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. «Оңтүстік Қазақстан облыстық      мәслихатының    2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы»;
  3. «Оңтүстік Қазақстан   облыстық   мәслихатының  2017 жылғы                  24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  4. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы;
  5. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 сәуірдегі №37/379-VI «Түркістан облысын басқару схемасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  6. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/449-VI «Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  7. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №49/448-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты А.М.Салықбаевтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
  9. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/5-VII «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  10. Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 наурыздағы №14/151-VII «Түркістан облысы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізудің 2022 жылға арналған күнтізбелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  11. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясының жұмысшы органдарының құрамы бойынша ұсыныстар.

         Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мәселелерді сессия қарауына енгізуді ұсынды.